
2024 жылғы қазанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы жолданымдарын қараумен және олардың борыш жүктемесін азайту шараларын қабылдаумен байланысты болды.
2024 жылғы қазанда Агенттік жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдары мен коллектрлық агенттіктердің қызметіне байланысты 12 387 жолданымын қарады, бұл 2024 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,5%-ға көп.
Жолданымдардың ең көп үлесі – жолданымдардың жалпы санының 57,5%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша жолданымдар жалпы санның 30,0%-ын, коллекторлық агенттіктердің 5,3%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,2%-ын, өзге ұйымдардың 4,4%-ын, қаржы ұйымдарының атауы көрсетілмеген жолданымдар 1,6%-ды құрады.
Агенттік 2024 жылғы қазанда 16 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 5 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
7 хаттама бойынша жалпы сомасы 4,5 млн теңгеге 7 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:
- банктерге қатысты 11 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2 хаттама бойынша жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге 2 әкімшілік жаза;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты 2 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша жалпы сомасы 258,4 мың теңгеге 1 әкімшілік жаза;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;
- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 4 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 4 хаттама бойынша жалпы сомасы 2,8 млн теңгеге 4 әкімшілік жаза;
- коллекторлық агенттіктерге қатысты 1 жазбаша ұйғарым қолданылды.
Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалуға және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.
Бағдарламаның 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңінде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға, сондай-ақ 2010-2020 жылдар кезеңінде ипотекалық қарыздар алған әлеуметтік осал санаттағы қарыз алушыларға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктер 202,8 млрд теңге сомаға 32,6 мың қарызды қайта қаржыландырды.
Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңге сомаға 15,7 мың валюталық ипотекалық қарызды конвертациялауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды конвертациялау/қайта қаржыландыру 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер қарыздары бұрын Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ХӘОТ-қа жататын ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылай қолдау шараларын көрсету жұмысын жүргізуде. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетілуде. 01.11.2024ж. жағдай бойынша 10,6 мың қарыз алушыға 90,6 млрд теңге сомасында қосымша қолдау шаралары көрсетілді. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету мерзімі 2025 жылғы
31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы