
Соңғы жылдары тұтынушылық кредиттеудің белсенді өсуі байқалды: банктерде 3 жылда орташа жылдық өсу 33%-ды, микроқаржы секторында 45%-ды құрады. Ағымдағы жылғы
9 айдың қорытындысы бойынша тұтынушылық кредиттер 24,7%-ға 12,9 трлн теңгеге дейін, ал МҚҰ-да 5,8%-ға 1,3 трлн теңгеге дейін өсті. Проблемалық кредиттердің үлесі қалыпты деңгейде қалып отыр: банктерде – 5,2%, ал МҚҰ-да – 12,3%.
Азаматтардың шамадан тыс кредит алу тәуекелдерін болдырмау, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын күшейту үшін 2024 жылы бірқатар реттеушілік және заңнамалық шаралар қабылданды.
Біріншіден, қарыз алушылардың кредит қабілеттілігін тиісті бағалауды қамтамасыз ету үшін борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібі қатаңдатылды, бұл кредиттер бойынша төлемдердің қарыз алушы кірісінің 50%-ы деңгейіндегі жиынтық мөлшерін шектейді. Атап айтқанда, ағымдағы жылғы сәуірден бастап борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу жөніндегі талап барлық қарыз алушыға және барлық қарызға (тұрғын үй құрылыс жинақтары шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда) қолданылады. Бұрын борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кепілді қарыздарға, сондай-ақ кірісі орташа айлық жалақының екі еселенген мөлшерінен жоғары қарыз алушыларға қолданылмаған.
Бұдан басқа, қарыз алушының кірісін бағалау өлшемшарттарынан кірістің үш жанама өлшемшарты (коммуналдық қызметтер, интернет-дүкенде сатып алу, мүліктің болуы) алып тасталды. Бұл шаралар қарыздарға қызмет көрсету үшін кірісі жеткілікті емес адамдарға кредиттер беруге жол бермеуге бағытталған.
Екіншіден, тұтынушылық кредит беру нарығын реттеуге және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды жүйелі шара ағымдағы жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануы болды.
Бұл – тұтынушылық кредит берудің барлық аспектілерін қамтуға мүмкіндік беретін жүйелік заң. Атап айтқанда, Заң мынадай негізгі жаңалықтарды көздейді:
Көрсетілген шаралар халықтың борыш жүктемесін одан әрі азайтуға ықпал етеді және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтық қорғалуын айтарлықтай күшейтеді.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 10 89