Агенттік қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы

Агенттік қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін:

- бос лауазымға қарай белгілі бір жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

- шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуды аяқтаған түлектер;

- FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4-деңгейі бар мамандар;

- шет тілін меңгерген мамандар (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6 төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей) шақырылады.

Кандидаттарды таңдаудағы негізгі өлшемшарттар: тиісті білім, жоғары деңгейдегі біліктілік, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы, сондай-ақ бос лауазымға үміткердің әлеуеті болып табылады.

Толық ақпарат сайтында қолжетімді.

 

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz