
2024 жылғы 8 қазанда Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit-те сөйлеген сөзінен:
Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл немесе қаржылық алаяқтықпен күрес?
Менің пайымдауымша, біздің жағдайда «қарсы іс-қимыл», «күрес» деген сөздер қаржылық реттеушіге қарағанда құқық қорғау органдарының құзыретіне көбірек сәйкес келеді. Біз алаяқтардың бизнес-процестерін жүзеге асыруы қиынға соғуы үшін белгілі бір кедергілерді құрамыз.
Неге бизнес-процесс?
Оларда бизнесті қалай бастап, қалай аяқтау және пайда табу рәсімдері бастан аяқ бар. Бұл, негізінен, олардың бизнес-процестері. Біз, Агенттік, белгілі бір кезеңде оларға біраз қиындық туындатып, бизнес-процестеріне кедергі келтіретін тосқауыл болып табыламыз.
Енді қаржылық интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға көшемін. Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде Агенттіктің жұмысы азаматтардың дербес деректерін қорғауға және қаржы ұйымдарының мобильдік қосымшаларының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын бірден атап өтемін.
Біз бақылап, осы немесе басқа уақыт кезеңіндегі алаяқтық типологияларына қарай шаралар қабылдадық. Нәтижесінде, 2021 жылдан бастап қаржы ұйымдары клиенттерінің жеке деректеріне рұқсатсыз кіруге жол бермеу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар кезең-кезеңімен күшейтілді:
Клиенттерді қорғауды күшейту үшін Агенттік 2023 жылғы қазанда банктер мен МҚҰ-ның ақпараттық жүйелері мен мобильді қосымшаларының ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын қосымша талаптар енгізді:
Жалған кредиттер ресімделіп қойған азаматтардың құқықтарын қорғау заңнамалық деңгейде күшейтілді:
Агенттік қаржы нарығының субъектілерін бақылау және қадағалау іс-шараларын тұрақты түрде жүзеге асырады:
Тексерулер нәтижесі бойынша Агенттік 6 банкке қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданды.