
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ЮНЕСКО Қазақстанның ұлттық клубтар федерациясының пікірталас алаңында ESG-күн тәртібінің перспективалары мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Іс-шараға бизнес, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдар өкілдері, ESG саласындағы сарапшылар, ғалымдар қатысты.
Агенттік басшысы бүгінгі күні ESG тұжырымдамасы көптеген компаниялардың стратегияларының ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті Дамумен қатар белгілі бір сын-қатерлер бар оның ішінде гринвошинг (greenwashing) белгілі бір компанияның экологиялық жауапкершілік туралы жалған әсер қалдыруға бағытталған қасақана әрекеттері.
«New Climate Institute Климаттық зерттеу институтының 2023 жылғы деректеріне сәйкес, қаржы саласында гринвошингтің айтарлықтай өсуі байқалады. Өткен жылы банк саласында және қаржылық көрсетілетін қызметтер секторында «жасыл камуфляж» жағдайларының саны 70%-ға ұлғайды және олар қаржы өнімдері мен инвестициялық қызметті қоса алғанда, қаржы мекемелері қызметінің әр түрлі аспектілеріне қатысты», деп хабарлады Мәдина Әбілқасымова.
Агенттік басшысы гринвошингтің негізгі себептері көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарын көздемейтін компаниялардың стратегиялары мен корпоративтік басқаруындағы кемшіліктер болып қала беретінін айтты.
«Біздің алдымызда нақты және түсінікті ESG стандарттарын құру, орнықты дамуға инвестициялар расында оң нәтиже беруі үшін бақылау мен ашықтықты күшейту бойынша маңызды міндеттер тұр. Қаржы саласында жасыл экономикаға көшу үш бағытты көздейді: бұл «көміртегі төмен экономикаға» өту және «жасыл қаржыландыру» нарығын дамыту; ESG тәуекелдері туралы ақпаратты жария ету және есептілікті қалыптастыру; ESG тәуекелдерін басқарудың ішкі жүйелерін дамыту және қадағалау практикасына ESG қағидаттарын енгізу», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.
Мәдина Әбілқасымова қаржы ұйымдарының ESG қағидаттарын енгізуі қаржылық көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығы мен сенімділігін арттыруға ықпал ететінін және олардың клиенттерінің орнықты дамуға ынталандырушы әсер ететінін атап өтті.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89