Заң жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар

Заң жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес «Ашық НҚА» интернет-порталында «Инвестициялық қорлар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық қорлардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын (бұдан әрі – РСКҚ) жария талқылау үшін жоспарланып отырған орналастыру туралы хабарлайды.

Жария талқылаулар жоғарыда көрсетілген құжат орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізілетін болады.

Осы кезеңде интернет-порталда "Салықтар және қаржы", «РСКҚ» НҚА түрлері бөлімінде түсініктеме беру мүмкіндігі беріледі.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz