
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит» сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы
№61 қаулысы қабылдады.
Қаулымен тұтынушылық қарыздар мен микрокредиттердің мынадай ең жоғары сомаларын белгіленді:
- кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 2 200 АЕК (8 122 400 теңге);
- кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – шектеусіз;
- кепілсіз микрокредиттер бойынша – 1 100 АЕК (4 061 200 теңге);
Бұл өзгеріс ірі сомада кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруді шектеуге мүмкіндік береді, халықтың борыш жүктемесінің және шамадан тыс кредит алуының төмендеуіне ықпал ететін болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089