
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен Amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұманғазиев «Қарызсыз қоғам» жобасының іске асырылу барысын, қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелерін және халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шараларды талқылады
Агенттік басшысы жоба аясында барлық тілек білдірушілерді қаржылық сауаттылықтың негізгі дағдыларына, оның ішінде отбасылық бюджетті басқаруға, өзінің кредит алу қабілетін бағалауға және қаржылық алаяқтардан қорғауға тегін үйрететін тренерлермен кездесті.
Мәдина Әбілқасымова Президенттің халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Агенттік қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді 19 маусымда Мемлекет басшысы кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру жөніндегі заңға қол қойды
«1 шілдеден бастап коллекторларға қарыздарды беруге екі жылдық мораторий енгізілді Осы кезеңде кредиторлар мерзімі өткен кредиттерді коллекторларға бере алмайды, бұл қарыз алушыларға қарыздарын реттеп алуға уақыт береді 2026 жылғы 1 мамырдан бастап кредиттерді беру 24 айдан астам кешіктірілген және кредиторлар реттеу рәсімдерін жүргізген кезде мүмкін болады. Қарыздары коллекторларға берілген қарыз алушыларға қолдау көрсету үшін 2024 жылғы қазан айынан бастап жеке тұлғалардың сатып алынған кредиттері бойынша коллекторлардың берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу міндеті енгізіледі», - деді Агенттік Төрағасы.
Мәдина Әбілқасымова «Қарызсыз қоғам» жобасының ел үшін әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, тренерлерге жұмысы үшін алғыс білдірді.
«Қарызсыз қоғам» жобасы проблемалық берешекті реттеуге көмектесумен қатар, жоба шеңберінде біріншіден, оқыту түрінде, екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, өз бизнесін ашу түрінде қосымша қолдау шараларын алуға болатындығымен құнды. Азаматтар кредит бойынша борыштарын өтей алмайды, өйткені олардың кіріс көзі жоқ, осы орайда жоба оларға жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен көмектесуге ұмтылады», - деді Мәдина Әбілқасымова.
Агенттік Төрағасы мектеп қабырғасынан бастап халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін орта және жоғары білім беру жүйесінің рөлі маңызды екенін және осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті.
«Қарызсыз қоғам» жобасының өткен жылғы 2 мамырда басталғанын еске саламыз. Amanat партиясының мәліметінше, осы уақыт ішінде 150 мыңға жуық адам оқудан өткен. Курстарға жазылу үшін qogamfin.kz сайтындағы нысанды толтыру қажет.