Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын және Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын және Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы

2024 жылғы 17 маусымда «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» және «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобалары ашық қолжетімді орналастырылды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, Қаржы нарығын реттеу және Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын ережесінің мақсаты банктік және микроқаржы активтерін сату бойынша электрондық сауда алаңында сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі талаптарды бекіту болып табылады. Сонымен қатар, осы Ережеде қатысушыларды тіркеу тәртібі, электрондық сауда алаңында банктік және микроқаржы активтерімен сауда-саттықты жүргізу туралы ережелері белгіленген.

Бұл ретте коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары коллекторлық агенттіктерге бекітілген банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша азаматтардың берешегін реттеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің шешім қабылдау тәртібін белгілейді.

Қаулы жобаларының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және "ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15091017

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15091368

Жобалар қазір қоғамдық талқылау сатысында.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz