Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы тұжырымдамасының жобасы (бұдан әрі – Тұжырымдама жобасы) әзірленгендігі туралы хабарлайды.
Тұжырымдаманың жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 954 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №32 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қор нарығын дамыту жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының негізгі міндеттерін іске асыру үшін әзірленді.
Сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын қоса алғанда, барлық қаржы секторын кешенді дамытуды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы тапсырманы Мемлекет басшысы 2020 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтқан болатын, бұдан басқа, мемлекет басшысы 2020 жылғы 11 мамырдағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында капитал ұстаушыларымен, яғни шетелдік капитал үшін күшейтілген бәсекелестік жағдайында инвесторлармен тікелей өзара іс-қимыл жасау қажеттігін ерекше атап өтті.
Заң жобасы банктік емес секторды одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қаржы нарығындағы белсенді бәсекелестік ортаны қолдауға, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігінде мемлекетке жүктемені азайтуға, қаржы өнімдері мен көрсетілетін қызметтердің жаңа баламалы банктік салымдарын дамытуға, сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығының субъектілерін реттеуді одан әрі жетілдіруге, қолданыстағы заңнаманы ең озық халықаралық практикаларға сәйкес келтіруге бағытталған.
Тұжырымдаманың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3938273 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық база» бөлімінде орналастырылған.