
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Директорлар кеңесінің шешімімен «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 53-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы негізінде Қор Басқармасының Төрағасы Бақыт Бектұрғанұлы Когуловтың өкілеттіктерінің тоқтатылғанын хабарлайды. 2024 жылғы 18 наурызда Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен Қор Басқармасының Төрағасы лауазымына Ерлан Өмірзақұлы Бурабаев сайланды.
Е.Ө. Бурабаев Қор Басқармасының Төрағасы лауазымына 2024 жылғы 28 наурыздан бастап кірісті, өкілеттіктер мерзімі қызметке кіріскен күннен бастап 3 жылды құрайды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz