
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 29.03.2024 жылғы № 29 бұйрығына сәйкес «Freedom money» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырылды.
Лицензиядан айыру үшін негіз «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензия алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-тармағының талаптарына сәйкес Серіктестік Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын не көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Серіктестік лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Серіктестіктың клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Серіктестік алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz