Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы

Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы

Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының аясында 2024 жылғы 29 наурызда Клубтың кезекті отырысы өткізілді.

Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Лаура Калибаева «Help Desk қызметімен өзара іс-қимыл жасау» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында спикер ең алдымен Ақпараттық технологиялар департаментінің негізгі міндеттері мен құрылымы, әрбір басқарманың жұмысы туралы жан-жақты ақпарат берді. Оның ішінде Help Desk қызметінің жұмысына жеке тоқталып, өтінімдердің қабылдану тәртібіне, өтінімнің нысанын толтыру талаптарына кеңінен тоқталды. Сонымен бірге аталған қызметке жүгінген кезде пайдаланушылардың міндеттеріне және пайдаланушылардың әрекеттеріне шектеулер туралы айтылды.

Отырыс соңында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.