
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру негізінен «Банк Центркредит» АҚ (+39,1%), «Kcell» АҚ (+29,3%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+22,8%) индекстік компанияларының акциялары бағасының өсуі және «Эйр Астана» АҚ жай акцияларының KASE-дегі алғашқы жария ұсынысы (IPO) есебінен 28,3 трлн теңгеге дейін 6,7%-ға немесе 1,8 трлн теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 5,7%-ға өсті).
Ағымдағы жылғы ақпан айында акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Алтай Ресорсиз» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі және «Эйр Астана» АҚ IPO есебінен бір айда 6 есе немесе 70,6 млрд теңгеге ұлғайып, 84,4 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 түрлі акциясы болды.
2024 жылғы ақпанда KASE индексі 12,8%-ға 4 803,2 тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 14,7%-ға өсті).
«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 45 түрлі акция, 11 ETF және 53 шетелдік эмитент болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда 22,5%-ға немесе 507,1 млн теңгеге азайып, 2024 жылғы ақпанда 1,7 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2024 жылғы ақпанда 13,5 трлн теңгеге дейін 0,9%-ға немесе 120,4 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 0,3%-ға төмендеді).
2024 жылғы ақпанда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 87,3 млрд теңгеге дейін 83,0%-ға немесе 424,6 млрд теңгеге төмендеді. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 111 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 418 шығарылымы болды.
2024 жылғы ақпанда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 59,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 86,8%-ға немесе 392,4 млрд теңгеге төмен.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы ақпанда 1,0%-ға 24,3 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 1,9%-ға өсті).
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша 583,2 млрд теңгені құрап, бір айда 52,6%-ға немесе 646,5 млрд теңгеге азайды.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 56,9%-ға немесе 570,0 млрд теңгеге 431,8 млрд теңгеге дейін азайды. Бұл ретте, орналастырудың барлық көлемі жылдық 11,5 - 12,15% орташа алынған кірістілікпен Қаржы министрлігіне тиесілі.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 52 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 26 аралық, 25 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2024 жылғы 1 ақпанда 0,5%-ға немесе 1,5 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 281,4 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 244,9 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 87%-ын құрады.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2024 жылғы ақпанда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,2%-ға артып, 2 633 мың шотты құрады, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 706 мың қосалқы шотқа дейін 4,9 мыңға немесе 0,7%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан 9,3 мыңға немесе 1,3%-ға өсті);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны 1 927 мың шотқа дейін 53 мыңға немесе 2,8%-ға өсті (2024 жылдың басынан 178 мыңға немесе 10,2%-ға өсті).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар портфелінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы ақпанда 1,8%-ға немесе 12,3 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 678,0 млрд теңгені құрады (2024 жылдың басынан 3,6%-ға азайды). Міндеттемелер негізінен РЕПО операциялары бойынша берешектің 5,1 млрд теңгеге және алынған қарыздардың 3,2 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен 209,9 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға немесе 7,9 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан 12,6%-ға азайды). Меншікті капитал негізінен бөлінбеген пайданың ұлғаюы нәтижесінде 468,1 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға немесе 4,3 млрд теңгеге өсті (2024 жылдың басынан 1,1%-ға өсті).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz