
2024 жылғы ақпанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды.
2024 жылғы ақпанда Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 9 237 өтінішін қарады, бұл 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 17,5%-ға көп.
Өтініштердің ең көп үлесі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының 48,8%-ын құрады. Банк секторының қызметі мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның 37,7%-ын, коллекторлық агенттіктердің 4%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,4%-ын, өзге ұйымдардың 8,1%-ын құрады.
Агенттік 2024 жылғы ақпанда 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 10 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 19 хаттама бойынша 8,5 млн теңге жалпы сомаға 16 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:
- банктерге – 5 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 6 хаттама бойынша 4,3 млн теңге жалпы сомаға 6 әкімшілік жаза;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – 1 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – 1 жазбаша ұйғарым;
- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 6 жазбаша ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 5 хаттама бойынша 1,9 млн теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза;
- коллекторлық агенттіктерге – 3 жазбаша ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 8 хаттама бойынша 2,3 млн теңге жалпы сомаға 8 әкімшілік жаза қолданылды.
Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.
Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктер 199 млрд теңге сомаға 32 мың қарызды қайта қаржыландырды.
Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңге сомаға 15 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 10,6 мың ХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға 79,7 млрд теңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz