Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу рәсіміне қатысу туралы

Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу рәсіміне қатысу туралы

2024 жылғы 6 наурызда Алматы қаласында Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу рәсімі және Қазақстан қор биржасы (KASE) Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) және «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен бірлесіп ұйымдастырған Invest in Women: Accelerate Progress тақырыбындағы пікірталас өтті.

Рәсім әлемдік қоғамдастықтың назарын орнықты даму саясаты мен ESG қағидаттары аясында гендерлік инклюзивтілікті дамыту перспективаларына және гендерлік теңдікті қолдау мәселелеріне аударуға бағытталған.

«Гендерлік теңдікті қолдауға, әйелдер денсаулығын сақтауға және әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бастамалар экономиканың барлық салаларына оң әсерін тигізеді және орнықты дамуға ықпал етеді», - деп атап өтті Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ.

Агенттік компаниялардың тең еңбек жағдайларын, қызметкерлердің гендерлік әртүрлілігін, кредит беру туралы шешім қабылдауды бағалаудың ашықтығын және т.б. сақтауын көздейтін ESG қағидаттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау үшін банктерде «Даму» қорымен, АДБ, ЕҚДБ және IFC халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықта әйелдер бизнесі жобаларын қаржыландыру жөніндегі бағдарламалар іске асырылуда.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 2371089, press@finreg.kz