Корея Республикасының қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту туралы

Корея Республикасының қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту туралы

2024 жылғы 26 – 27 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы М.Е. Әбілқасымова және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) Төрағасы Т.М. Сүлейменов бастаған бірлескен делегация өзара іс-қимылды нығайту және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Корея Республикасына барды.

Сапарлар аясында Корея Банкі (Bank of Korea), Қаржылық қадағалау қызметі (Financial Supervisory Service), Корея банктер федерациясы (Korea Federation of Banks), Shinhan Bank және BNK Financial Group сияқты қаржы институттары мен реттеуші органдардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізілді.

Тараптар Қазақстан мен Корея Республикасы қаржы секторының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, өзара қарым-қатынастарды тереңдету мүмкіндіктерін, сондай-ақ қаржы саласындағы стандарттарды реттеу мен сақтау мәселелерін талқылады.

Талқыланған мәселелердің кең ауқымы алдағы іс-қимыл жоспарын қалыптастыру және жақын болашақта тиісті екіжақты құжаттарға қол қою жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізу үшін негіз болды. Осы бастамаларды табысты іске асыру жалпы алғанда қаржы-банк секторы саласындағы өзара іс-қимылды және елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға жаңа серпін береді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz