
2024 жылғы 21 ақпанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) БАҚ үшін «Қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында оқыту хакатон-тренингін ұйымдастырды.
Іс-шара аясында журналистер мен блогерлер ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарымен танысты, ақпараттық қауіпсіздік стандарттары, сондай-ақ Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілер туралы білді.
Агенттік мамандары сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы мен «Qainar» ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің (АӨАЖ) қалай жұмыс істейтінін, қаржы ұйымдарындағы ақпараттық және киберқауіпсіздік бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері мен функциялары, сондай-ақ еліміздің қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру қалай жүргізілетіні туралы айтып берді.
Ақпараттық қауіпсіздік пен қаржы нарығындағы алаяқтықпен күрес мәселелеріне жеке блок арналды.
Іс-шараға 25 тыңдаушы қатысты.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz