
2024 жылғы 15 ақпанда Төрағаның орынбасары Мария Хаджиева Қазақстан қор биржасында жария бастапқы орналастыру (IPO) шеңберінде Эйр Астана ұлттық әуе тасымалдаушысының акцияларымен сауда-саттықтың ашылу рәсіміне қатысты.
Сонымен бірге салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин, KASE Басқармасының Төрағасы Алина Алдамберген және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өкілдері қатысты.
Мария Хаджиева құттықтау сөзінде Эйр Астана IPO-сы Қазақстан Республикасы Президентінің квазимемлекеттік сектор компанияларын жекешелендіру бойынша қойған міндеттерін іске асыру бойынша мемлекет пен бизнестің табысты жұмысының нәтижесін бейнелейтінін атап өтті.
«Эйр Астана біздің қор нарығында бұған дейін ұсынылмаған салаға жатады. IPO бөлшек және институционалдық инвесторларға өз портфельдерін әртараптандыруға мүмкіндік береді», - деп тұжырымдады Мария Хаджиева.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz