«Жасыл қаржыландыру: Еуразиядағы Даму, Сын-қатерлер және Мүмкіндіктер» конференциясына қатысу туралы

«Жасыл қаржыландыру: Еуразиядағы Даму, Сын-қатерлер және Мүмкіндіктер» конференциясына қатысу туралы

2024 жылғы 13 ақпанда Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ PWC Kazakhstan және Strategy& ұйымдастырған «Жасыл қаржыландыру: Еуразиядағы Даму, Сын-қатерлер және Мүмкіндіктер» тақырыбындағы конференцияға қатысты.

Конференция барысында Қазақстан Республикасындағы жасыл борыштық құралдар және жасыл қаржыландыру саласындағы реттеуді дамытудың негізгі үрдістері мен жаңа трендтері талқыланды.

Талқылауға халықаралық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың, бизнестің, консалтингтік және аудиторлық компаниялардың өкілдері қатысты, олар экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілікке байланысты трендтердің күшейе түскенін атап өтті. Бұл трендтер жаһандық қаржы нарығындағы инвестициялық стратегияларды, шешімдер мен практикаларды анықтауда шешуші факторға айналды.

«Бүгінгі күні ESG қағидаттарын қаржы нарығын реттеу практикасына енгізуде айтарлықтай тәжірибе жинақталды», - деп атап өтті Айдын Дәулетбақ.

Мәселен, орнықты даму саласында негізгі құжаттар әзірленді, оларды әзірлеуге ESG саласының кәсіби қауымдастықтары ат салысты: «жасыл» қаржыландыру үшін барлық қажетті құқықтық орта қалыптастырылды, жаңа Экологиялық кодекс  қабылданды, жобалардың «Жасыл» таксономиясы  енгізілді, «Әлеуметтік» таксономия  енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Конференция барысында сондай-ақ ESG қағидаттарын қаржы секторын дамытуға енгізу, халықаралық инвесторлардың жергілікті қор нарығына қолжетімділігі, орнықты қаржыландыру мүмкіндіктері және «жасыл» кредиттік және борыштық құралдар енгізу әлеуеті жөніндегі түсініктерді кеңейту мәселелері талқыланды.

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 2371089, press@finreg.kz