
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыра алатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметі түрлерінің тізімін кеңейтті.
Тиісті №223 Бұйрық Агенттікпен 2020 жылыдың 26 мамырында қабылданды.
Осы бұйрыққа қосымшада қызмет түрлерінің 357 жіктеуіші бар.
Мәселен, жаңа тізбеге төтенше жағдайды енгізу салдарынан көбірек зардап шеккен салалар кірді. Бұл – сауда, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қоймада сақтау, тұру және тамақтану, ақпарат және байланыс, білім беру және денсаулық сақтау салалары.
Ағымдағы жылғы 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін салалар тізбесін кеңейтуді тапсырғанын еске сала кетейік.
«Банктер мен басқа қаржы ұйымдары кредиттер бойынша төлемдер мерзімін кейінге қалдыруды ұсынатын салалар тізбесін кеңейту бизнесті қолдаудың тағы бір шарасы болады. Оған сауда, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қоймада сақтау, тұру және тамақтану, ақпарат және байланыс, білім беру және денсаулық сақтау салалары енгізілуге тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын
қорғау мәселелері бойынша жедел желі телефондары
бойынша хабарласыңыздар:
+7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122
(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00-ден 18-30-ға дейін, сенбі күні сағ. 9.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс күні)
e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz