
2024 жылғы 1 ақпанда Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева «Сақтандыру нарығын цифрландыру» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты, ол «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» жыл сайынғы Digital Almaty 2024 форумы аясында өткізілді.
Осы сессия барысында Қазақстандағы сақтандыруды дамытудың негізгі үрдістері мен жаңа трендтері талқыланды. Талқылауға мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сақтандыру нарығының және IT индустриясының өкілдері қатысты. Елімізде ерікті сақтандыруды дамытуға және сақтандыру қызметтерін тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін цифрлық маркетплейстерді енгізуге басты назар аударылды.
«Бүгінгі күні ерікті сыныптар сақтандыру драйвері болып табылады және тұтынушыға нарықтағы ұсыныстардың алуан түрлерінен сақтандырудың қолайлы жағдайларын таңдауды жеңілдететін сақтандыру өнімдерінің агрегаторын құру үшін цифрлық шешім қажет», – деп атап өтті Әсел Әмірбаева.
Сессияға қатысушылар сондай-ақ жүктелген сақтандыруды дамыту, сақтандыру саласында білікті мамандарды даярлау және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін білім беру платформаларын құру, апатты тәуекелдерден сақтандыруды енгізу мәселелерін талқылады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz