Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс қорытындылары туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс қорытындылары туралы

2023 жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды.

2023 жылы Агенттік банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер мен сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 62 070 өтінішін қарады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 75,7%-ға көп. 2023 жылғы желтоқсанда 6 492 өтініш қаралды, бұл 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 11,5%-ға көп.

2023 жылғы желтоқсанда өтініштердің ең көп үлесі банк секторына тиесілі – өтініштердің жалпы санының 44,9%-ы. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 40,3%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,3%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,9%-ын, өзге ұйымдардың 3,9%-ын, қаржы ұйымының атауын көрсетусіз 2,7%-ды құрады.

Агенттік 2023 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасын белгіленген бұзушылықтар бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде қаржы нарығының субъектілеріне 113 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 108 жазбаша ұйғарым, 2 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 545 хаттама бойынша 189,9 млн теңге жалпы сомаға 161 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:

-    банктерге – 101 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 1 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 49 хаттама бойынша 39,2 млн теңге жалпы сомаға 31 әкімшілік жаза;

- коллекторлық агенттіктерге – 11 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 113 хаттама бойынша 29,2 млн теңге жалпы сомаға 68 әкімшілік жаза;

- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 96 жазбаша ұйғарым, 2 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 371 хаттама бойынша 117,5 млн теңге жалпы сомаға 50 әкімшілік жаза;

- сақтандыру ұйымдарына – 9 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 10 хаттама бойынша 3,1 млн теңге жалпы сомаға 10 әкімшілік жаза;

- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2 хаттама бойынша 799 мың теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза қолданды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер 199 млрд теңге сомаға  32 мың қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңге сомаға 15 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер 10,6 мың ХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға 79,7 млрд теңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түріндегі қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz