
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) қадағалау моделі негізгі аспектілерінің шолуын жариялады. Бұл жарияланым банк секторындағы қадағалау процесінің ашықтылық деңгейін арттыруға бағытталған.
Шолу банктерді қадағалау процесінің негізгі қағидаттары мен сатыларын қоса алғанда, маңызды аспектілерді, сондай-ақ жаңартылған SREP әдіснамасының негізгі сипаттамаларын қамтиды.
«SREP әдіснамасын жаңарту және қадағалау моделінің негізгі аспектілерінің шолуын жариялау тәуекелге бағдарланған қадағалауды жетілдіру процесінің бір бөлігі болып табылады» - деді Агенттік Төрағасының кеңесшісі Тимур Әбілқасымов.
Бұдан басқа, Шолу қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде реттеушінің неге көңіл бөлу қажеттігін айқындайтын және банктердің ішкі процестері мен тәуекелдерді басқару әдістерін жетілдіруге арналған бағдар беретін ұсынымдарды қамтиды. Тиісінше, реттеушілік ортадағы ағымдағы үрдістер мен өзгерістерді көрсету үшін SREP әдіснамасы, сондай-ақ ұсынымдар кезең-кезеңімен жаңартылып және толықтырылып отыратын болады.
«Қадағалау моделінің негізгі аспектілері мен ұсынымдарды жариялау банктердің тәуекел-бейіні мен қолданыстағы ішкі процестерінің реттеушінің ең төмен талаптарына формальды түрде сәйкестігін ғана емес, SREP-тің оларды кешенді бағалау және диагностикалау құралы болып табылатынын көрсетуге де бағытталған», - деп қорытындылады Әбілқасымов.
Шолудың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/594855?lang=kk
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz