Жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізуге қатысты

Жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізуге қатысты

2024 жылғы 23 қаңтарда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаментімен (Алматы қ. ТЖД) бірлесіп Алматы қ., Көктем-3, 21-үй мекенжайында орналасқан Агенттік ғимаратында жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізді.   

Сейсмикалық жаттығуға Агенттіктің қызметкерлері, сондай-ақ ҚРҰБ-ның көрсетілген мекенжайда орналасқан ведомстволық ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Сейсмикалық жаттығу Агенттік қызметкерлерінің жер сілкінісі кезінде қорғану іс-шараларын орындауға дайындығын айқындау және оларда жер сілкінісі кезіндегі практикалық іс-қимылдар мен дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.   

Сағат 11:00-де тиісті дыбыс дабылын (объектілік сирена) қосқаннан  кейін Агенттік ғимаратында жедел түрде бірінші қабаттағы ашық лифтілер бұғатталды, турникеттер мен қызметтік кабинеттер есіктерінің магнитті құлыптары бұғаттан босатылды, негізгі және қосалқы эвакуациялау есіктерін ашылды.    

Содан соң жақын жатқан аумақта, Агенттік қызметкерлері жер сілкінісі кезінде жиналатын жерде Алматы қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, капитан А.Н. Тутешев сейсмикалық жаттығуға қатысушыларға жер сілкінісі кезіндегі қажетті іс-қимылдар және өзін-өзі ұстау ережелері туралы жалпы ақпарат берді.

Өткізілген нұсқама қорытындысы бойынша Агенттік қызметкерлеріне жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар туралы жадынамалар, брошюралар таратылды. Бұл ретте Алматы қ. ТЖД өкілі сейсмикалық жаттығудың жақсы деңгейде өткенін атап өтті.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 2371089, press@finreg.kz