Ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне жүргізуге қойылатын талаптарды күшейту туралы

Ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне жүргізуге қойылатын талаптарды күшейту туралы

2023 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №86 қаулысымен «Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 90 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Қаулымен екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексеру жүргізуге қойылатын  қосымша талаптар енгізілді.

Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын ретроспективті талдауды жүзеге асыру тәртібі жетілдірілді, атап айтқанда, ақпараттық қауіпсіздіктің бұрын анықталмаған оқыс оқиғаларын анықтау уақыты мен әдістерін нақтылау бойынша өзгерістер енгізілді.

Ішкі тергеу жүргізудің орынды екендігі туралы шешім қабылдау тәртібі қосымша регламенттелді. 

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру бойынша ақпаратты  қаржы нарығында  ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша «Qainar» автоматтандырылған ақпарат өңдеу жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету мақсатында қосымша талаптар оны пайдалану Қағидаларын бекітуді ескере отырып енгізілді.

Басқарма қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.