
2023 жылғы 14 желтоқсанда Агенттік «Қаржы нарығындағы ашық деректерге қажеттілікті анықтау» тақырыбында Қазақстан Республикасы ІТ-компанияларының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Юлия Ахмуртова ашық деректерді ұсыну бөлігінде Агенттіктің жүргізіп жатқан жұмысы және мұндай деректердің ашық деректер интернет-порталы мен интернет-ресурсында қолжетімді болуы туралы айтып берді.
Қаржы саласында Open API және Open Banking ашық деректер технологияларын дамыту жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыру туралы ақпарат ұсынылды, оның шеңберінде қаржы ұйымдарының өнімдері бойынша ашық деректерді ұсыну бойынша жұмыс жоспарланған, бұл ұсынылатын қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін болады. Агенттік Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған Open API және Open Banking даму тұжырымдамасының негізгі тәсілдерін бағыштады және екінші деңгейдегі банктерді тарта отырып, жүргізіліп жатқан «Open Banking және Open API» пилоттық жобасы туралы ақпарат берді.
Кездесудің негізгі мәселесі халыққа инновациялық өнімдер мен сервистерді құру және дамыту үшін қажетті қаржы ұйымдарының ашық деректерінің тізбесі бойынша IT-компаниялардан ұсыныстар жинау болды.
Кездесуге қатысушылар Open API және Open Banking технологияларын енгізу мәселелерінде IT-қоғамдастық өкілдерінің реттеушілермен тығыз өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті және қаржылық маркетплейстерді дамыту үшін қаржы өнімдері туралы жария ақпаратты ашуға қызығушылық танытты.
Кездесу нәтижелері бойынша IT-компаниялар тарапынан сұранысқа ие ашық деректердің тізбесі және оларды қолдану бағыттары бойынша кері байланыс күтілуде.