
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) – бұл балаларға арналған жинақтаушы білім беру капиталын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламасы. Осы жүйе шеңберінде мемлекет балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне баланың болашақ біліміне ел ішінде де, шетелде де төлем жасау үшін жинақтаушы шоттар немесе инвестициялар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламада 5% немесе 7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы бөлу көзделген.
МБЖЖ-ның негізгі идеясы – отбасылар баланың ерте жасында білім алуға қаражат жинай алады, бұл оларға болашақта жоғары сапалы білім алуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл ата-аналарға білім беру процесінің қаржылық жағын саналы және тиімді жоспарлауға және бала жоғары оқу орындарында оқу жасына жақындаған кезде кейінірек қаржылық жүктемені жеңілдетуге көмектеседі.
Қазақстанда МБЖЖ 2013 жылдан бастап 4 екінші деңгейдегі банктің қатысуымен жұмыс істейді, ал 2023 жылдан бастап осы жүйеге МБЖЖ бағдарламасы бойынша өздерінің жеке жинақтау өнімдерін ұсынатын өмірді сақтандыру бойынша 5 компания қосылды.
Қазіргі уақытта МБЖЖ шеңберінде білім беру жинақтау салымы шарттары бойынша жалпы сомасы 24,2 млрд теңгеге 13 744 білім беру депозиті ашылды.
2023 жылдың басынан бастап МБЖЖ шеңберінде жинақтаушы сақтандыру шарттарының саны 748 болды. Олар бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 153,3 млн теңгені құрайды.
Сақтандыру бағдарламасы ЕДБ ұсынатын ұқсас өнімдерден айтарлықтай айырмашылыққа ие.
МБЖЖ шеңберіндегі білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты қосымша сақтандыру қорғауын ұсынады, бұл банк өніміне қарағанда елеулі артықшылық болып табылады.
Сақтандыру шарты бойынша егер сақтанушы – ата-анамен сақтандыру ұйымына жарна енгізуді жалғастыра алмайтын сақтандыру жағдайы орын алса, ата-ананың баланы оқытуға жинауды жоспарлаған сомасын сақтандыру ұйымы мемлекеттің инвестициялық табысы мен сыйлықақысын ескере отырып, шарт бойынша білім беру ұйымына төлейтін болады. Сақтандыру ұйымы төлейтін төлем сақтанушының сақтандыру бағдарламасына қанша жарна енгізгеніне байланысты болмайды.
Мемлекеттің сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша 20 жылдан аспайтын мерзімге жыл сайын халықтың әлеуметтік осал тобы үшін 7% және азаматтардың қалған санаттары үшін 5% мөлшерінде, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде есептеледі.
Егер бала грантқа түссе, онда ата-ана барлық салынған ақшаны, оның ішінде мемлекет сыйлықақысы мен инвестициялық кірісті алады.
Сонымен бірге, ата-ана мен балаға басқа білім беру қызметтерін алуға ақша жинауды жалғастыруға немесе сақтандыру шарты бойынша жинақталған қаражатты басқа адамның пайдасына аударуға мүмкіндік беріледі. Егер ата-ана жинаған сома оқу құнынан артық болса, онда қалдық ата-анаға төленеді.
Егер бала әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты оқуын жалғастыра алмаса, ата-ана немесе оның мұрагерлері:
Өмірді сақтандыру компаниясымен шарттар банктік салым шарттары сияқты кемінде 3 жыл мерзімге жасалады.
Бұдан басқа, сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төлемдердің толық сомасына кепілдік береді.
Бүгінгі күні білім беру саласындағы реформалардың арқасында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) жетілдірілуде және ата-аналар мен олардың балалары үшін тартымды бола түсуде.
Биылғы жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) қабылдау ел үшін маңызды жаңалық болып табылады.
Заңда балалар кәмелетке толған кезде Ұлттық қордан алынған қаражатты оқуға немесе үй сатып алуға жұмсауды өздері шеше алатындығы көзделген. Бұл ретте МБЖЖ шеңберінде жасалған сақтандыру шарты бойынша қолда бар жинақтар Ұлттық қордан алынатын қаражатпен толықтырылуы және кейіннен білім алуға жіберілуі мүмкін.
Егер алушы (бала) бұл ақшаны кәмелетке толғаннан кейін 10 жыл ішінде пайдаланбаған жағдайда, онда қаражат оның зейнетақы шотына аударылады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz