
2023 жылғы 16 қарашада Алматы қаласында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және «Қазақстан Актуарийлері қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен «Кәсіби актуарийлер қауымдастығы» атты Ресей актуарийлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы өткізетін Еуразиялық актуарлық конгресс сәтті өтті.
Конгресті Агенттіктің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева құттықтау сөз сөйлеп ашты, ол актуарийдің тұрақты қаржылық, оның ішінде сақтандыру жүйесін қалыптастырудағы жоғары рөлін атап өтті.
«Актуарлық қызмет сақтандыру саласындағы негізгі саланың бірі болып табылады, себебі актуарийлер сақтандыру компаниясының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігіне жауап береді және сақтанушылар мен акционерлер алдында үлкен жауапкершілікке ие», - деп атап өтті Әсел Әмірбаева өз сөзінде.
Конгреске қаржы және сақтандыру нарығынан, зейнетақы қорларынан, үкіметтік және реттеуші органдардан, актуарийлердің қоғамдық бірлестіктерінен, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен, сондай-ақ алыс шет елдерден келген консалтингтік және аудиторлық компаниялардан актуарийлер мен өзге де кәсіби мамандар қатысты.
17 «Сақтандыру шарттары» Халықаралық қаржылық есептілік стандартын және Solvency II Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігінің Еуропалық стандартын қолданудың практикалық тәжірибесімен байланысты актуарлық қызметтегі өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылауға ерекше назар аударылды.
«Актуарий» мамандығының әлемдік үрдістері талқыланды. Бүгінгі күні бағдарламалау, жасанды интеллект, машиналық оқыту және басқа да жаңа технологиялар заманауи актуарийлер үшін норма болып табылады.
Конгресс халықаралық тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен басқа да қатысушы елдердің актуарлық қоғамдастықтары арасындағы коммуникация жолдарын айқындау алаңына айналды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz