
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларын, Тестілеу өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жобада Қазақстан Республикасында актуарлық қызметті жүзеге асыруға, атап айтқанда 17 "сақтандыру шарттары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес актуарлық қорытындылар беру бойынша, сондай-ақ Қазақстан актуарийлер қоғамымен келісімі бар ұйымдарға актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасына сәйкес оқытуды жүргізуге мүмкіндік беру бойынша қосымша талаптар белгіленеді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14798742 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz