Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы әзірлеу туралы

Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба қазақстандық қор нарығында жаңа қаржы құралы – ETF енгізу үшін нормативтік құқықтық жағдайлар жасауды көздейді. Атап айтқанда, жобада ETF қорларының анықтамасы беріледі, ETF қорларын мемлекеттік тіркеу және инвестициялау тәртібі, сондай-ақ биржалық пай қорының (Exchange Traded Fund) ережелеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Бұдан басқа, қаулы жобасында қамтамасыз етілген облигациялар нарығын дамытуға, оның ішінде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету тізбесін кеңейту және облигацияларды ұстаушылар өкілінің қамтамасыз ету сапасына барабар бағалау жүргізу үшін кепіл мүлкін тәуелсіз бағалау нәтижелерін алуға мүмкіндік беру есебінен бағытталған түзетулер көрсетілген.

Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14738997  ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан  және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми интернет-ресурсының «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

+7 (727) 2 371 213

 e-mail: press@finreg.kz

www.finreg.kz