
Қор нарығын капиталдандыру 2023 жылғы қыркүйек айында 2,2 трлн теңгеге немесе 5,7%-ға ұлғайып, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 40,7 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап – 14,4%-ға өсу).
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен индекстік компаниялар акциялары бағасының өсуі есебінен 6,6%-ға немесе 1,7 трлн теңгеге 27,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 27,4%-ға өсу).
KASE индексі 2023 жылғы қыркүйекте 4 103,8 тармаққа дейін 6,1%-ға өсті (2023 жылдың басынан бастап – 26,2%-ға өсу). 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 84 эмитенттің 98 түрлі акциясы болды. Ағымдағы жылғы қыркүйекте акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 91,1%-ға немесе 29,1 млрд теңгеге ұлғайып, 61,0 млрд теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялар нарығы 2023 жылғы қыркүйекте 3,9%-ға немесе 522,6 млрд теңгеге 13,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 4,7%-ға төмендеу).
Ағымдағы жылғы қыркүйек айында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 441,0 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 5 есе немесе 352,7 млрд теңгеге артық.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 92 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 378 шығарылымы болды.
2023 жылғы қыркүйекте KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 3,7 есе немесе 380,9 млрд теңгеге 522,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
«KASE Global» секторында 45 түрлі акция және шетелдік эмитенттің 14 ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда 64,3%-ға немесе 4,9 млрд теңгеге азайып, 2023 жылғы қыркүйекте 2,7 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы қыркүйекте 1,0%-ға немесе 245,0 млрд теңгеге ұлғайып, 25,5 трлн теңгені құрады.
2023 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі
бір айда 4,9%-ға немесе 22,1 млрд теңгеге ұлғайып, 473,3 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 29,1%-ға немесе 70,9 млрд теңгеге азайып, 172,7 млрд теңгені құрады.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 49 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 25 аралық, 23 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен ҚР эмитенттерінің (5,0 млрд теңгеге немесе 2,6%-ға) және шетелдік эмитенттердің (0,8 млрд теңгеге немесе 2,3%-ға) мемлекеттік емес бағалы қағаздар портфелінің өсуі есебінен ағымдағы жылғы қыркүйекте 10,0 млрд теңгеге немесе 3,5%-ға ұлғайып, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 299,8 млрд теңгені құрады.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 259,9 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 86,7%-ын құрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді.
2023 жылғы қыркүйекте Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны 3,6%-ға ұлғайып, 2 198 мың шотты құрады, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 3,9 мыңға немесе 0,6%-ға дейін азайып, 683 мың қосалқы шотты құрады (2023 жылдың басынан бастап 133 мыңға немесе 24,1%-ға өсу);
- брокерлер ашқан және біріктірілген омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны 80 мыңға немесе 5,6%-ға ұлғайып, 1 515 мың шотты құрады (2023 жылдың басынан бастап 1 102 мыңға немесе 3,7 есеге өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың ұлғаюы нәтижесінде ағымдағы жылғы қыркүйекте 2,0%-ға ұлғайып, 2023 жылғы 1 қазанда 747,3 млрд теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап 29,1%-ға өсу). 2023 жылғы қыркүйекте міндеттемелер 0,1%-ға 284,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 64,2%-ға өсу). Меншікті капитал 3,2 %-ға 462,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап 14,0%-ға өсу).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz