
2023 жылғы қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды.
2023 жылғы қыркүйекте Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 4 152 өтінішін қарады, бұл 2023 жылғы тамызбен салыстырғанда 5,9%-ға аз.
Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына тиесілі – өтініштердің жалпы санының 54,2%-ы. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 24,5%-ын, коллекторлық агенттіктердің 7,3%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2,8%-ын, өзге ұйымдардың 7,2%-ын, қаржы ұйымының атауын көрсетусіз 4,0%-ды құрады.
Агенттік 2023 жылғы қыркүйекте 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 5 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 121 хаттама бойынша 57,3 млн теңге жалпы сомаға 23 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:
- банктерге – 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 17 хаттама бойынша 21,9 млн теңге жалпы сомаға 3 әкімшілік жаза;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама бойынша 586,5 мың теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза;
- коллекторлық агенттіктерге – 2 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 8 хаттама бойынша 2,2 млн теңге жалпы сомаға 5 әкімшілік жаза;
- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 3 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 94 хаттама бойынша
32,6 млн теңге жалпы сомаға 13 әкімшілік жаза қолданды.
Агенттік жалғыз баспанасын сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.
Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банктер 196,9 млрд теңге сомаға 32,2 мың қарызды қайта қаржыландырды.
Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігінің шеңберінде банктер 137,6 млрд теңге сомаға 14,0 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Бағдарламаның үшінші бөлігінің шеңберінде 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банктер 10,6 мың ХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға 74,7 млрд теңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түріндегі қосымша көмек 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz