Банктердің тарату комиссияларының төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеу туралы

Банктердің тарату комиссияларының төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласында «Эксимбанк Қазақстан» АҚ және «Delta Bank» АҚ (бұдан әрі – Банктер) тарату комиссиялары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

Кандидаттардың жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі немесе бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білімі болуы, қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттардың тізбесі Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру)  ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарда белгіленген.

Банктердің тарату комиссияларының төрағасын тағайындау туралы өтінішті құжаттарды қоса бере отырып Агенттікке  2023 жылғы 02 қарашаға дейін  Алматы қ., Көктем-3 ш / а, 21 үй мекенжайы бойынша ұсыну қажет.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (727) 237 13 58.