Агенттік Салалық кеңес құрамына енгізу үшін құжаттар қабылданатынын хабарлайды

Агенттік Салалық кеңес құрамына енгізу үшін құжаттар қабылданатынын хабарлайды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жанынан «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында консультативтік-кеңесші орган – «Қаржы нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес» (бұдан әрі – Салалық кеңес) құрылады.

Осыған байланысты Агенттік Салалық кеңес құрамына енгізу үшін құжаттар қабылданатынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі 378 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларының «Жалпы ережелер» деген 1-тарауының 5-тармағына сәйкес салалық кеңес құрамына: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының; Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның; қаржы және сақтандыру салаларындағы жұмыс берушілердің; салалық кәсіптік одақтардың (бар болса); жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса); тиісті салада (аяда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екеуден аспайтын өкілі кіреді.

Мүдделі адамдар салалық кеңес құрамына енгізу үшін мына құжаттарды 2023 жылғы 27 қазанға дейінгі мерзімде Агенттіктің электрондық поштасына (Anara.Pavanova@finreg.kz) жіберуі немесе қолма-қол (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Көктем-3» ш/а, 21-үй) тапсыруы қажет:

1) 1-қосымшаға сәйкес жазбаша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті саладағы (аядағы) жұмыс тәжірибесін растайтын құжат.

Байланыс телефоны: +7 727 237-12-35, +7 701 522 5710 –Анара Қайратқызы Паванова.

Қосымша:

1) Өтініш нысаны;

2) Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереже.