
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Басқарманың 2023 жылғы 26 қыркүйектегі №70 қаулысының (бұдан әрі –Қаулы) қабылданғаны туралы хабарлайды.
Жоба құқықтық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді және нормативтік құқықтық актілерге сілтеме нормалары өзектендірілген.
Қаулы нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру мақсатында жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша әзірленді және нормативтік құқықтық актілерге сілтемелік нормалар өзектендірілді.
Қаулыда ҚР резидент емес ұйымдарының ETF-ін бағалау бойынша талаптар және бас қаржылық келісімге сәйкес туынды қаржы құралдарымен, репо операцияларымен және өзге де мәмілелер бойынша төлем неттингін қолдану мүмкіндігі көзделген.
Қаулының толық мәтінімен электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/186852/kaz және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz