Климаттық басқару және өтпелі жоспарлау саласындағы дағдыларды дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысты

Климаттық басқару және өтпелі жоспарлау саласындағы дағдыларды дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысты

2023 жылғы қазан және қарашада Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) пен Deloitte Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) бірлесіп, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) қолдауымен ЕҚДБ Жасыл қаржыландыру академиясы өткізетін Климаттық басқару және өтпелі жоспарлау саласындағы дағдыларды дамыту жөніндегі қысқа мерзімді бағдарламаға қосылуға шақырады.

Осы бағдарлама шеңберінде қатысушыларға климаттық тәуекелдерді анықтау және басқару, стратегия және менеджмент саласында білім мен практикалық дағдыларды алу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының климаттық тәжірибелерді кешенді интеграциялауға көшуі және қаржылық ағындарды Париж келісімінің мақсаттарына және климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктер жөніндегі ақпаратты жария етудің жаңа стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында көшу жоспарын әзірлеу мүмкіндігі берілетін болады.

Күндізгі топтық сессиялар Алматы қаласында жұма күндері - 20 қазанда, 3 және 24 қарашада күннің бірінші жартысында өтеді.

Қатысушы ұйымдарға Бағдарламаға қатысу үшін климаттық басқару және тәуекел-менеджменті департаменттерінің өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құрайтын бірнеше адамды (2-3 адам) іріктеп алуға кеңес беріледі.

Қатысатын ұйымдар:

- барлық сабақтарға қатысатын, ЕҚДБ үшін байланыс орнататын, басқа әріптестерді олардың мамандығына қарай процеске қосатын, сондай-ақ өз ұйымы үшін ауысу жоспарының элементтерін әзірлеу процесін басқаратын «ауысудан чемпионды»;

- Бағдарламаға бірлесіп қатысу және оның модульдерімен жұмыс істеу үшін басқа бөлімдердің, мысалы, тәуекелдерді басқару және өнімдерді әзірлеу бөлімінің өкілдерін таңдағаны жөн.

Бағдарламаға қатысу тегін, ал күндізгі топтық сессиялар Агенттікпен бірлесіп ұйымдастырылады.

Бағдарлама орыс тілінде өткізіледі, материалдар ағылшын тілінде беріледі. Бағдарламаның толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін қатысушыларға сертификат беріледі.

 

Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі тіркеу формасын 2023 жылғы 14 қазанға дейін толтырып, Бағдарламаның үйлестірушісі Петрина Соломияға petrynas@ebrd.com мекенжайына жіберу қажет.

Тіркеу формасы

Бірінші сессия 20 қазанда сағат 9:30-12:30-ға жоспарланған және Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 36, 5-қабат мекенжайында өтеді. Күндізгі сессиялардың тақырыптарымен төмендегі сілтеме бойынша Агенттіктің сайтында танысуға болады: ESG және орнықты қаржыландыру мәселелері бойынша хабардар болуды арттырудың 2023 жылға арналған жол картасы.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz