
Қазақстан Республикасың Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Агенттік Басқармасының қаулысы жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлеу туралы хабарлайды.
Жоба мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау, қызметтен босату және ауыстыру тәртібін жетілдіру мақсатында әзірленген.
Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14741518 ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 2 371 120