KASE алаңында ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаттарымен кездесу туралы

KASE алаңында ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаттарымен кездесу туралы

Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті депутаттарының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және бағалы қағаздар нарығының өкілдерімен кездесуі өтті.

Депутаттар және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қор нарығының ағымдағы жай-күйі мен одан әрі жұмыс істеуі туралы пікірімен бөлісті.

Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева өз сөзінде реттеушінің Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі негізгі шаралары туралы айтып берді.

Қор нарығын дамыту мақсатында Агенттік жаңа эмитенттердің шығуы және жаңа инвесторлардың пайда болуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ сұранысты ынталандыруға және қор нарықтарының өтімділігін арттыруға бағытталған реттеушілік шаралар кешенін қабылдады.

 «Қор нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі одан әрі шаралар инфрақұрылымдық өзгерістерге, оның ашықтығын арттыруға, сондай-ақ жаңа қаржы құралдарын енгізуге және институционалдық инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады», - деп атап өтті Мария Хаджиева.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz