
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) 2020 жылғы 3 ақпандағы №3 қаулысымен бекітілген Агенттік қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына сәйкес кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеудің жүргізілгені туралы хабарлайды.
Агенттіктің ресми интернет-ресурсында Агенттіктің кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру және лауазымдарға қойылатын талаптарды көрсете отырып, Агенттік қызметшілерінің бос лауазымдарының тізімі орналастырылды (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/526010?lang=ru).
Түйіндемені қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған күннен бастап 1 (бір) ай өткен соң аяқталады (түйіндемені қабылдаудың соңғы күні 2023 жылғы 25 қазан).
Адам капиталын дамыту департаменті кандидаттардың түйіндемелерін олардың келіп түсуіне және тиісті құрылымдық бөлімшелерге алдын ала іріктелуіне қарай жібереді.