Банк қызметтерін ұсыну және клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Банк қызметтерін ұсыну және клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына  өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қаржылық қызметтердің құны және қарыз уақтылы қайтарылмаған жағдайда жауапкершілік пен тәуекелдер туралы толыққанды түсінуі үшін қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында әзірленді.

Жобада мыналар көзделеді:

-  қарыздар мен салымдарға жарнама жасау кезінде сыйақының шекті мөлшерлемелерінің ауқымын көрсету, сондай-ақ қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде борышкерлердің жауапкершілігі туралы ілеспе хабардың болуын қамтамасыз ету;

- банктің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушымен өзара іс-қимыл тәртібі;

- банктерге кредит алуға өтінімнің түскені туралы клиентке хабарлау жөнінде талаптар белгілеу арқылы кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау;

- банктік шот және (немесе) банктік салым шартының елеулі талаптары туралы ақпарат беру;

- банк қызметі электрондық тәсілмен ұсынылатын кезде клиент банктің офертасын қабылдағанға дейін клиенттің банктік шот және (немесе) банктік салым шартының елеулі талаптарымен міндетті түрде келісуі туралы талап;

- қарыз алушыға міндеттемелерді орындау мерзімінің кешіктірілгені туралы хабарлау нысанын бекіту;

- қарыз алушыны оңалту жүргізілетін мерзімді қысқарту;

- банк клиенттерінің жазбаша өтініштеріне жауап беру тәсілдерін кеңейту, сондай-ақ банктердің клиенттердің өтініштерін қарау мерзімін белгілеу.

 

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14730204 сілтемесі бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz