
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылданды.
Қаржы ұйымының немесе банк/сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру шеңберінде (жеке және заңды тұлғалардың) бизнес-жоспарға және қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарына қаулы ірі қатысушылардың қол қоюын оңтайландыру мақсатында әзірленді.
Қаулы ірі акционердің өтініш беруші - заңды тұлғаға бизнес-жоспарға және қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарына екі рет қол қою қажеттілігінің болмауын көздейді.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.
Анағұрлым толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады +7 (727) 237-13-78
e-mail: press@finreg.kz
https://www.gov.kz