
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарының капиталдарына талаптарды ұлғайту бойынша мерзімдерді 6 айға, 2020 жылғы 1 шілдеден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстыру туралы шешім қабылдады («Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 55 қаулысы).
Қазіргі уақытта микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын және төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушыларға төлемдер мерзімін кейінге шегеруді ұсынатын ұйымдар операциялардың жүргізілуін тоқтата тұрды және олардың жарғылық капиталды уақтылы толықтыруға мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталдарына қойылатын жоғары талаптарды белгілеу келесі жылдың басына ауыстырылды.
Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 30 000 000 (отыз миллион) теңгені, өзге өңірлерде 10 000 000 (он миллион) теңгені құрайды.
Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені, өзге өңірлерде 50 000 000 (елу миллион) теңгені құрайды.
Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 10 000 000 (он миллион) теңгені, өзге өңірлерде 5 000 000 (бес миллион) теңгені құрайды.
Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген (қызметін жүзеге асыру орнына қарамастан) кредиттік серіктестіктер үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 50 000 000 (елу миллион) теңгені құрайды.
Қаулының толық мәтіні және Қаулыға Қосымша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.finreg.kz ресми сайтында, «Агенттіктің НҚА» деген бөлімде орналастырылды.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел желі телефондарына хабарласыңыздар:
+7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122
(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін,
сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс)
e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz