
2023 жылғы 27 және 29 қыркүйекте Ernst&Young (EY) компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен Қазақстан Республикасының қаржы секторы үшін ESG және орнықты қаржыландыру мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру және сараптаманы арттыру бойынша семинарлар өткізеді.
Тренингтер шеңберінде қаржы ұйымдары үшін ESG және орнықты қаржыландыру саласындағы негізгі үрдістер, соның ішінде климаттық және басқа да ESG-тәуекелдерін басқару, көміртегі ізін есептеу тәсілдері (меншікті операциялар және корпоративтік кредиттік портфель), қаржылық емес ақпаратты ашу, көміртексіздендіру тәсілдері, сондай-ақ портфельді климаттық стресс-тестілеуге кіріспе сияқты тақырыптар қамтылатын болады. Сарапшылар жетекші әлемдік тәжірибелермен және тәсілдермен бөліседі, сондай-ақ ESG саласындағы қаржы ұйымдары үшін практикалық ұсынымдарды ұсынады.
Тренингтер туралы толығырақ ақпаратпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз:
https://eyacademy.kz/ey-esg-and-sustainability-for-finance-sector
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz