Қазақстан сақтандыру секторының 2023 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2023 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2023 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 1,6%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 15,9%-ға өсу).

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,3% (1,7 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,0% (143 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,7% (112 млрд теңге) тиесілі.  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы шілдеде 1,5 трлн теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 18,9%-ға өсу). 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы шілдеде 1,8%-ға немесе 15,0 млрд теңгеге 860 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 10,9%-ға өсу).  

2023 жылғы шілдеде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 20,2 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 128,7 млрд теңге).

2023 жылғы шілдеде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 627 мың шартты құрады, бұл  2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,9%-ға көп.

2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 9 314 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,3%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (116,2%-ға немесе 998 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (19,6%-ға немесе 652 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы шілдеде 85,5 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 7 айда барлығы  577,8 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 25,4%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері  112,8 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыра отырып, сақтандырудың аталған сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (49,6%-ға немесе 15,9 млрд теңгеге өсу) бойынша және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (9,6%-ға немесе 5,0 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.

 Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 7 айда 178,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға көп. Өсу, негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюымен байланысты (96,9%-ға немесе 16,7 млрд теңгеге өсу).

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бері 286,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 35,1%-ға көп. Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 113,5%-ға немесе 27,8 млрд теңгеге және мүлікті сақтандыру бойынша 21,3%-ға немесе 25,1 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы шілдеде сақтандыру төлемдері 24,7 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 140,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 51,6%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы шілдеде барлығы 84 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 629,1 мың төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz