Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2023 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2023 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері ағымдағы жылғы 2-тоқсанда 7,4%-ға немесе
167 млрд теңгеге (2023 жылдың басынан бастап өсу – 15,0%) өсіп, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2,4 трлн теңгені құрады. Активтердің ұлғаюы микроқаржы ұйымдары кредиттік портфелінің өсуімен байланысты.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп бөлігі микроқаржы ұйымдарына - 1 264 млрд теңге немесе 52,1%, кредиттік серіктестіктер - 880 млрд теңге немесе 36,2%, ломбардтар - 284 млрд теңге немесе 11,7% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның несие портфелі ағымдағы жылғы 2-тоқсанда 5,5%-ға  2,3 трлн теңгеге дейін өсті (2023  жылдың басынан бастап өсу – 10,0%).

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар 2023 жылғы 2-тоқсанда 6,6%-ға 789 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап өсу – 7,8%).

Жеке тұлғаларға берілген қарыздардың көлемі ағымдағы жылғы 2-тоқсанда 3,8%-ға ұлғайып, 2023 жылғы 1 шілдеде 1,2 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап өсу – 8,6%). Дара кәсіпкерлерге берілген қарыздар 10,3%-ға  283 млрд теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бастап өсу – 23,7%).

Ағымдағы жылғы 2-тоқсанда МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен (NPL90+) қарыздардың деңгейі 2023 жылғы 1 шілдеде 3,4%-ды құрады (01.01.2023ж. – 3,7%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 5,4%-ды құрады (01.01.2023ж. – 5,8%).

2023 жылғы 1 шілдеде МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 2,5%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бастап өсу – 11,3%). Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 80,0%-ын немесе 1,3 трлн теңгені құрайды.

МҚҚЖҰ-ның 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша меншікті капиталы тоқсан ішінде 19,6%-ға ұлғайып, 777 млрд теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап өсу – 23,5%).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz