Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдауды өткізді

Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдауды өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі  – Агенттік) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді.

Қабылдау барысында азаматтардың Тұрғын үй (ипотекалық) қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуына, кепіл мүлкінің бір бөлігін босатуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының (бұдан әрі – ХӘОТ) өкілдері үшін қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты мәселелер  қаралды.

Мәдина Әбілқасымова бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынын, азаматтар айтқан барлық мәселелер заңнама нормаларын сақтай отырып орындалатынын атап өтті.

2022 жылғы 7 айда Агенттікке азаматтардан 36,4 мың өтініш келіп түсті, барлық өтініштердің 54%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өтініштер 28%-ды, сақтандыру нарығы субъектілерінің мәселелері бойынша өтініштер 2%-ды құрайды, өзге ұйымдарға қаралған өтініштердің жалпы санының 15%-ы тиесілі.

Агенттік азаматтардың банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібін іске асыру мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.

2023 жылдың басынан бастап проблемалық берешекті реттеу шеңберінде 700 мың қарыз алушының берешегі қайта құрылымдаудан өтті, оның ішінде банктік қарыздар бойынша 365 мың қарыз алушының,  микрокредиттер бойынша 335 мың қарыз алушының берешегі қайта құрылымдалды.

Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. 2022 жылы call-орталыққа азаматтардан шамамен 19,4 мың қоңырау келіп түсті, 2023 жылдың басынан бастап 13,6 мың қоңырау келіп түсті. «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы азаматтардан 925-тен астам мәселе келіп түсті және өңделді.

Мәдина Әбілқасымова сондай-ақ ХӘОТ қорғауға қатысты мәселелер Агенттіктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Мәселен, Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 336,6 млрд теңге сомасына 46,1 мың қарыз алушының қарыздары қайта қаржыландырылды. 2022 жылы Бағдарламаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бүгінгі күні 73,0 млрд теңге сомасына 10,4 мың ХӘОТ қарыз алушы қолдау шараларын алды. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Бағдарлама шеңберінде қабылданған шаралардың және жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық кредиттеу бағдарламасын дамытудың арқасында банктердің ипотекалық портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарының үлесі 2015 жылғы 30%-дан 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 0,9%-ға дейін төмендеді.

Мәдина Әбілқасымова қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттіктің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын, азаматтарды қабылдау жүйелі негізде жүргізілетінін атап өтті.

Агенттікте Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейтінін еске саламыз, онда азаматтар ақпараттық-анықтамалық сипаттағы консультациялар ала алады және қаржы реттеушісінің қызметіне қатысты мәселелерді жедел шеше алады.

Агенттік өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарайды және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіндегі заңнама нормаларына егжей-тегжейлі түсіндірмелер береді. Қажет болған жағдайда Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері банктердің, МҚҰ немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра алады.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбі – жұма аралығы, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Сіз сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла аласыз.

Қосымша консультация алу үшін Агенттікке төмендегідей хабарласуға болады:

  • «1459» нөмірі бойынша Call-орталық (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
  • «𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆» мобильді қосымшасы арқылы, оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа 1459, +7 (727) 237 1000 нөмірлері бойынша хабарласуға болады (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz