
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Басқарма қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 14-бабында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар белгіленген, осыған байланысты тиісті түзетулерді қамтитын осы Жоба әзірленді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: ttps://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14675877 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты +7 (727) 237-13-78 телефоны арқылы алуға болады
e-mail: press@finreg.kz
https://www.gov.kz