
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы «Tengri Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) тарату комиссиясының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шараларды өткізуде.
Кандидаттардың жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жоғары білімі болуы, қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс.
Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттардың тізбесі Агенттіктің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарда белгіленген.
Құжаттармен қоса Банктің тарату комиссиясының төрағасын тағайындау туралы өтінішті Агенттікке Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша 2023 жылғы 11 тамызға дейін тапсыру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (727) 237 13 58.