Заң жобасын ашық НҚА интернет-порталында орналастыруға қатысты

Заң жобасын ашық НҚА интернет-порталында орналастыруға қатысты

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) жария талқылаулар үшін орналастырғанын хабарлайды.

Жария талқылаулар 2023 жылғы 31 шілде – 18 тамыз аралығында жүргізілетін болады. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау кезеңінде Заң жобасына «Салықтар мен қаржы» бөлімінде, «Заң жобасы» НҚА типтерінде пікір білдіруге мүмкіндік болады.

Қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz мекенжайындағы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы сайтынан және жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 8 727 237-1171 телефоны бойынша алуға болады.